- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үш баланы көлік қақты
Павлодарда кәмелетке толмаған үш баланы көлік қақты
Павлодарда кәмелетке толмаған үш баланы көлік қақты. Олар ауыр жарақат алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері медициналық бригада жол апатынан зардап шеккен сегіз баланы ауруханаға жеткізді.
"9 қарашада үш баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жедел жәрдем шақырған адам "Достық үйі" жанында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді көлік қақты деп айтты. 15 жастағы екі қыз бен 16 жастағы жігіт түрлі жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының травмпунктіне жеткізілді", - деп хабарлады станцияның баспасөз қызметі.
Ал 10 қарашада Қалқаман кентінің ауданында автобанда болған екінші жағдайда, 103 қызметінің шақырылуына жеңіл көліктің жол айрығына кіруі себеп болды. Апат салдарынан бірден бес бала зардап шекті. 6, 11 және 13 жастағы ұлдар, сондай-ақ 8 және 11 жастағы қыздар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан