Павлодарда кәмелетке толмаған балалар мас күйінде ұсталды, олар ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері орталық жағалауда белгіленген уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген бес кәмелетке толмаған баланы анықтады.
"Заңды өкілдерге қатысты балалардың түнгі серуені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жасалды", - деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ, Камзин көшесінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары сағат 23:30-да 16 және 17 жастағы үш жасөспірімді байқады, олар күдік тудырған. Кәмелетке толмағандар полиция бөліміне жеткізіліп, жедел жәрдем шақыртылды. Жасөспірімдердің бірі мас болған. Балалардың ата-аналары жазаға тартылды. Бұл факт туралы ақпарат білім беру бөліміне жіберілді.
Полицейлер кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз көшеде 23:00-ден кейін, ал ойын-сауық орындарында 22:00-ден кейін жалғыз жүруге болмайтынын ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!