Павлодарда қалаға жақын жерде қасқырлар пайда болды
Павлодар қаласының шетінде қасқырлар жүр. Бұл туралы ауыл әкімі тұрғындарға видео үндеу жасап, сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті ауылдастар, жаңа ғана орман шаруашылығынан хабарласып, Береговое көшесі жағынан екі қасқырды көргендерін айтты. Сондықтан, мұқият әрі сақ болуларыңызды сұраймыз", - дейді Павлодарское ауылының әкімі Аманбек Ұнатұлы.
Бұл елді мекен облыс орталығына қарайтындықтан Павлодар қаласынан небәрі оншақты шақырым жерде ғана қоныс тепкен. Павлодар іргесіндегі Жаңа - ауыл орман шаруашылығының мамандары екі күн бұрын итқұс көргенлерін айтады.
"Тұрғындардан қасқыр жүргені жайлы хабар түскен соң мен сол аумаққа барғанда жыртқыштардың ізін көрдім. Іздер Ертіс өзенінің жайылмасына дейін жалғасқан. Мұзға шыққанда екі қасқырды байқадым. Олар Ертісті кесіп өтіп, орманға бара жатты. Мен жыртқыштарды 300 метр жерден көрдім", - дейді Жаңа - ауыл орман шаруашылығының басшысы Валерий Зоричев.
Мамандар, қасқырлар Солтүстік Қазақстан облысынан ауып келуі мүмкін дейді. Өйткені, ол жақта қар қалың түскен. Оның үстіне Павлодар облысында кейінгі жылы еліктердің күрт көбеюуі де жыртқыштардың көз құртына айналды. Әдетте қасқырлар үйірімен жүреді. Ал, ұйыққан кезде жалғыз немесе екеуден жортады.
Е.Базарқұл
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина