Павлодарлық жедел жәрдем соңғы үш күнде үш ірі жол апатына шықты, - деп хабарлайды Pavlodarnews облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алғашқы ірі апат Чернорецк ауылынан 15 шақырым жерде республикалық тасжолда болды. 23 қазан сағат 00:58-де екі көлікті жылқы соққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем жіберілді. Екі зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады. Тағы екі науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Дәл осы күні Баянауыл ауылынан 25 шақырым жерде үш көлік соқтығысты. Апат салдарынан бес адам зардап шегіп, 51 және 24 жастағы ер адамдар мен 2 және 12 жастағы екі бала аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
"22 қазан сағат 18:14-те жедел жәрдемге ер адам жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетті деген хабар түсті. Оқиға Солнечный кентінен шыға берісте болған. 103 қызметкерлері 6 минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, 44 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол өте ауыр жарақат алған", - деді жедел жәрдем.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!