Павлодарда жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты

Павлодарда жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Павлодарда жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Оқиға 8 шілдеге қараған түні Павлодар-Қызылорда тасжолында, Береке және Төртқұдық ауылдары арасында болған.

"Жүргізуші сол жерде автоцистернаға құлап кеткен. Болжам бойынша ер адам цистернадан бензин алуға тырысқан", - деп жазылған мәліметте.

Жазатайым оқиға бойынша облыстық Полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget