Павлодарда жүргізуші аялдамаға соғылды. Зардап шеккен екі адамға медициналық көмек қажет болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Естай мен Катаев көшелерінің қиылысында болған.
BMW жүргізушісі көліктің рөліне ие бола алмай, аялдамаға соғылған. Көліктегі екі жолаушы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!