- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда жүкті әйел...
Павлодарда жүкті әйел үйінде босанып қалды
Фото:
rinzz.hotmail.com /depositphotos.com
Павлодарда жүкті әйел үйінде босанып қалды. Әйел мен оның жаңа туған баласы тұрақты жағдайда №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шұғыл қоңырау 26 тамызда сағат 17-лер шамасында түсті. Қоңырау шалушы жүктіліктің 39 аптасында болған 32 жастағы әйелдің толғағы жиілегенін хабарлаған. Диспетчер қоңырауға жеделдіктің бірінші санатын берді және оны жақын маңдағы медициналық топқа жіберді.
Дәрігерлер шақырылғаннан кейін жеті минуттан кейін оқиға орнында болды. Сол уақыттан кейін әйел бірден толғағы жиілеп, тез босанды. Салмағы 2,7 келі бала дүниеге келді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан