- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда ЖОО ғимаратынан...
Павлодарда ЖОО ғимаратынан ерекше жәдігерлер табылды
Павлодарда ЖОО ғимаратынан ерекше жәдігерлер табылды. Бұл зат ғимарат астында бір ғасырдан астам уақыт жатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жұмысшылар ХХ ғасырдың басындағы қазақ тілінің латын графикасы қолданылған ескі бланктарды тауып, университет тарихшыларына берді.
1909 жылы салынған Марғұлан университетінің ғимаратында ғылыми қалпына келтіру жұмыстары бесінші ай жалғасып жатыр. Бұл ғимарат жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш болып есептеледі.
"Кезінде оны оқу орнының балансына өткізген. Өкінішке қарай, ауыстыру кезінде ол тозығы жеткен күйде болды. Марғұлан университеті басқармасының шешімімен бюджеттен тыс қаражат есебінен мемлекеттік сатып алу тетігі арқылы бұл салада үлкен тәжірибесі бар "Күмбез" мамандандырылған жобалау-реставрациялау компаниясы" ЖШС дайындаған ғылыми-реставрация жұмыстарының жобасына тапсырыс берілді. Жобаны әзірлеу кезінде ғимараттың барлық тарихи-сәулеттік ерекшеліктері ескеріліп, оның бастапқы құрылымының барынша сақталуы қамтамасыз етілді", - деп хабарлады жоғары оқу орны.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан