Павлодарда жолдың ортасы опырылып түсті

Павлодарда жолдың ортасы опырылып түсті
Фото: куәгерлер/pavlodarnews.kz

Павлодарда жолдың ортасы опырылып түсті, коммуналдық апатты жою үшін екі авариялық бригада жұмылдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Павлодар–Водоканал" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов-М.Жүсіп көшелерінің қиылысында жол опырылып түсті. 

"Алдын ала себеп – коллектордың жоғарғы бөлігінің құлауы. Көліктер мен адамдар зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады коммуналдық қызмет.

Барлық кәріз желілері штаттық режимде жұмыс істейді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, опырылған жердің аумағы қоршалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан