Павлодарда такси жүргізушісі жолаушымен жанжалдасып қалған соң бұрыш баллонын шашқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері тексеруді бастады, оқиға Торайғыров көшесінде, әйел көліктен түсе берген кезде болған.
Оқиға орнынан түсірілген видео полицияға жіберілді.
"Audi көлігінің жүргізушісі жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген. Жүргізуші 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Қала тұрғынына қатысты денсаулыққа зиян келтіру дерегін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.
Тергеу аяқталғаннан кейін жүргізушіге қатысты іс материалдары Павлодар әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!