- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда жолақыға байланысты...
Павлодарда жолақыға байланысты тараған ақпарат жалған болып шықты
Әлеуметтік желіде қоғамдық көліктердегі жолақығы өзгерістер енгізілгені туралы ақпарат жарияланды. Аталған жайтқа қатысты қала әкімі түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жарияланған суретте 30 сәуірден бастап барлық жолаушы толық көлемде жолақысын төлеу керек деген ақпарат жазылды. Алайда, тұрғындар арасында бұл жағдайға байланысты наразылық туындады. Павлодар қаласының әкімі аталмыш оқиғаны жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардың жекелей санаттары үшін жеңілдетілген жол жүру ақысы сақталады", - деп жазды Хасар Хабылбеков өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Павлодар мәслихатының 2022 жылғы 26 мамырдағы шешімімен Павлодар қаласында қоғамдық көліктерде тегін және жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі айқындалды.
"Бүгінгі таңда бұл шешім күшін жойған жоқ және қолданыста болып табылады. Осы шешімге сәйкес жеңілдікті санатындағы жолаушылар әлеуметтік көлік картасын немесе жеңілдікті растайтын құжатты көрсеткен кезде жол ақысын төлемеуге құқылы", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан