Павлодарда жол апатына түскен екі жасөспірімнің жағдайы белгілі болды. Біреуі үйге жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 02:20-да екі зардап шеккен бала травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Жасөспірімдерді кезекші хирург пен травматолог қарап шықты. 12 жастағы бала жабық бас жарақатын алды, ал 17 жастағы бала бастың көгеруімен амбулаторлық емделуге жіберілді.
Еске салайық, Назарбаев – Толстой көшелерінің қиылысында көлік жарық бағанына соғылып, аударылды. Көліктің ішінде екі жасөспірім бала болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!