Павлодарда жол апатына қатысты іс сотқа дейін жетті. Бұл туралы ІІМ өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 желтоқсанда Естай көшесіндегі 91-үйдің ауласында жол апаты болған.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары Honda маркалы көлік жүргізушісінің рөлді басқара алмай, тұрақта тұрған екі көлікті соғып, кейін ағашқа соғылғанын анықтады.
"Медициналық тексеру жүргізуші мас күйде болғанын растады. Оның көлігі арнайы тұраққа қойылды. Мас күйінде көлік жүргізу арқылы басқа көлік құралдары мен нысандарға зиян келтіргені үшін жүргізуші заң алдында жауап береді. Бұл оқиғаға қатысты іс материалдары сотқа жіберілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!