Павлодарда жоғалған жеті жасар қыз өлі табылды: күдікті - анасы
Полиция бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың анасы кісі өлтірді деген күдікке ілінді.
Жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды.
Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады.
Кісі өлтіру дерегіне қатысты ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова