Павлодарда жиеніне азғындық жасаған ер адам сотталды. Ол бүгінгі күнге дейін кінәсін мойындамаған және моральдік шығынды өтемеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (ҚК 124-б.1-б) жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасау фактісі бойынша қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.
Ол 2023 жылғы 7 қыркүйекте алкогольдік масаң күйде 1-сынып оқушысы, өзінің жас жиеніне қонаққа келіп, үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланған. Күш қолданбай, оған азғындық әрекеттер жасаған.
Істің мән-жайын заң күшімен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
"Сотталушының бұрын соттылығы жоқ, мінезі орташа, сараптама қорытындысы бойынша жыныстық құмарлықтың бұзылуынан зардап шекпейді. Алайда оның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің тұрақты айғақтарымен және бірқатар сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді", - ьдеп жазылған Павлодар облыстық сотының баспасөз хабарламасында.
Осыған орай Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚК-нің 124-б. 1-б бойынша кінәлі деп танылды және сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Апелляциялық шағымда сотталушы үкімнің күшін жойып, оны ақтауды сұрады.
Кәмелетке толмаған жәбірленушінің өкілі мен прокурор апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.
Апелляциялық тәртіпте бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!