Павлодарда жеті оқушы мектептен ауруханаға жеткізілді. Белгісіз қоспасы бар бөтелкемен ойнау кезінде балалар термиялық күйік алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
112-ге хабарлама түскеннен кейін №37 мектепке өртсөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ апаттар медицинасы орталығының бригадасы жедел жеткен.
"Оқиға кезінде қолдан жасалған аралас қоспаның кесірінен 7 оқушы зардап шекті. Болжам бойынша бөтелке жарылған", - деп жазылған хабарламада.
АМО қызметкерлері бір жәбірленушіні тексеріп, алғашқы көмек көрсеткен. Қалғандары облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!