- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдай
Павлодарда жерастындағы газгольдер жанып, 556 оқушы эвакуацияланды
Павлодарда жерастында орналасқан газгольдер ішіндегі көгілдір отын жанып, салдарынан жақын маңда орналасқан ғимараттардан адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше оқиға болған жерге жақын маңда қаладағы мектептердің бірі орналасқан. Құтқарушылар жедел түрде мектептен 604 адамды басқа жерге шығарды. Олардың 556-ы - оқушы. Одан басқа көрші ғимараттардан тағы 246 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
"Оқшауланған адамдарды жылыту үшін үш автобус және аталмыш орынды қоршауға үш полиция экипажы тартылды. Оқиға орнында ТЖД басқаруымен жедел штаб құрылды. Өртсөндірушілер екі шаршы метр алаңдағы жер асты газгольдерде орналасқан газ ауа қоспасының жедел сөндіруге және оны салқындатуға кірісті", - деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Е.Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан