Павлодарда жеңіл көлік жүргізушісі жасөспірімдерді қағып кетті, зардап шеккендер балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Mazda көлігінің жүргізушісі Сәтбаев-Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 2008 жылы туған ұл бала травматология бөліміне "ығысуы бар оң жақ иық сүйегінің жабық сынығы" диагнозымен жатқызылды.
2007 жылы туған қыз бала травматология бөліміне жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақ жамбас буынының зақымдануы диагноздарымен жатқызылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!