Павлодарда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Куәгерлер іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Мәшһүр Жүсіп пен Теплов көшелерінің қиылысында Nissan маркалы көлігі мен жедел жәрдем соқтығысты.
"Біз апат куәгерлерін, сондай-ақ шындықты анықтауға көмектесетін көліктегі видеожазбаларды іздейміз. Жедел жәрдем жүргізушісі жыпылықтаған жасылға бара жатқанын айтады, бірақ қауіпсіздік камералары оның қызыл түс кезінде өтіп кеткенін тіркеді", - деп жазды әлеуметтік желіде ЖКО қатысушыларының бірі.
Облыстық жедел жәрдем баспасөз қызметінде фельдшерлерден ешкім зардап шекпегенін және медициналық көмек қажет болмағанын мәлімдеді. Ал өз бетінше №1 қалалық ауруханаға жүгінген Nissan көлігінің жолаушысында омыртқаның компрессиялық сынуы анықталды.
"Hyundai жүргізушісі Теплов көшесінің қиылысында Nissan Prairie көлігімен соқтығысып, бағдаршамға соғылды", - деді облыстық полиция департаменті.
Жедел жәрдем станциясында тергеу қорытындысы бойынша 103 қызметінде тәртіптік шара қолданылатыны туралы айтылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!