Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Зардап шеккен тұрғын медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 267 аумағында сағат шамамен сегізде Mercedes Benz маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!