- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол апаты
Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан зардап шеккен адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 желтоқсан күні Назарбаев даңғылы-Толстой көшесі қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Еске салайық, Mazda көлігінің жүргізушісі Сәтбаев-Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен. Салдарынан жеткіншектер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан