Павлодарда жасөспірім табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның жоғалып кеткеніне үш күн өткен. "VITA" іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеп жатыр.
Басылым мәліметінше, 4 мамырда Аяулым Нығмет Павлодар ауданының Набережное ауылындағы Абай көшесі, 4 мекенжайдағы үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған.
"Аяулымның бойы - 160 сантиметр, арықша келген, шашы, көзі қара түсті. Қара түсті спорттық костюм, жилет және ақ аяқ киім киген", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!