Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім қыз құлап кетті, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
"22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына "қыз биіктен құлады" деген шақыру түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н.Назарбаев даңғылы 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша соталды тергеу басталды", - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім комада жатыр.
"Зәбірленушіге ауыр жабық бассүйек-ми жарақаты, бастағы қанталау, омыртқаның зақымдануы мен денесінің көптеген бөлігінде сынықтар бар деген диагноз қойылды. Қыз бала комада, ол екінші дәрежелі травматикалық шок алған", - деді ведомство өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!