Павлодарда 18 жастағы жасөспірім жағажайда із-түзсіз жоғалып кетті, оны соңғы рет өзен жағасында көрген, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
VITA іздестіру жасағына 17 жастағы ер баланың жоғалғаны туралы хабар түнде жеткен. Еріктілерге хабарсыз кеткен адамның суға батып кетуі мүмкін екені де айтылған.
"Еламан орталық жағажайдағы жағажай футболы алаңының тұсында досымен бірге жүріп, қайтып оралмаған. Жағажайда адамдардың өте көп болғанына қарамастан, оның қайда кеткенін ешкім көрмеген", - деді VITA іздестіру жасағы.
Еріктілердің айтуынша, Еламанның бірге болған танысы оны бір сағаттан аса күтіп тұрған. Келмеген соң заттарын жағаға тастап кетіп қалған. Содан кейін біреу павлодарлық азаматтың сөмкесі мен аяқ киімін алып кеткен.
Облыстық полиция департаменті жасөспірімді іздестіру туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.
VITA волонтерлері қала тұрғындарын жоғалған жігіттің қайда екені туралы мәлімет болса, хабарлауға шақырды.