- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда жас балаға...
Павлодарда жас балаға зорлық көрсеткен тұрғын 20 жылға сотталды
Павлодарда жас балаға зорлық көрсеткен тұрғын сотталды. Іс жабық сот отырысында қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Т.-ға қатысты жас баланы зорлау фактісі бойынша прокурор 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Кәмелетке толмаған жәбірленуші М. және оның заңды өкілі М. прокурормен келісті. Сотталушы Т. мен оның қорғаушысы соттан оны ақтауды сұрады.
"Айыпталушының ҚК-тің 120-бап 4-бөлімі бойынша кінәсі жауап алынған қатысушылардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Бұл қылмыс үшін қылмыстық заңда негізгі жаза ретінде тек 20 жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Сот Т.-ны кінәлі деп танып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп хабарлады соттың баспасөз орталығы.
Сондай-ақ Т. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан