Павлодарда жаппай төбелес болды. Төбелес ұйымдастырған тұрғындардың кім екені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Қамзин көшесінде болды. Төбелесті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Кейін видео Telegram-дағы каналдардың бірінде тарады.
Жарияланған кадрларда бір топ жігіттер жол бойында төбелескенін көруге болады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау түнгі сағат 1:00-де түскен. 22 жастан 36 жасқа дейін ер адамдар анықталып, полицияға жеткізілді.
"Тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Төбелесте кәмелетке толмағандар болмағаны анықталды", - деп хабарлады департамент.
Төбелеске барлығы онға жуық адам қатысқан, олардың жеке басы анықталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!