Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 25 маусымда сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып жол апатынан қаза тапты.
Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі әйел қаза тапқан еді. Оқиға 22 маусымда Ақсай-Шонжы-Қалжат тасжолында болған. 32 жастағы әйел Lexus көлігінің рөлін басқара алмаған.
"Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қайтыс болды. Тағы бір 25 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шонжы ауылының ауруханасына жатқызылды", - делінген Алматы облысының полициясы хабарламасында.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша Ұйғыр ауданының полиция бөлімінде тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!