Павлодарға қарасты Жаңаауыл ауылында бір ЖШС аумағында жанармай таситын көлік өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт цистернаны жанармаймен толтыру кезінде шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, ЖШС-тің бір қызметкері - 1996 жылы туған ер адам күйік алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
"Оқиға орнына дереу ТЖД бөлімшелері, сондай-ақ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді. Өрт аз уақыт ішінде сөндірілді. Жалынның жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілмеді", - деп хабарлады ТЖМ.
Министрлік өкілдері оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатқанын қосты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!