Павлодарда жанармай құю станциясында өрт шықты

Павлодарда жанармай құю станциясында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. 

ТЖМ құтқарушылары жанармай құю станция жарылысының алдын алған. 

"Павлодардың шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейін от автожуу ғимаратына ауысқан", - делінген хабарламада.

Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!