- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда жаңа жылдық...
Павлодарда жаңа жылдық безендіру шығыны 20 миллион теңгеге қысқартылды
Павлодар билігі жаңа жылдық безендіру шығынын 20 миллион теңгеге қысқартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қысқарту жергілікті қазынада ақшаның тапшылығына байланысты болды. "Павлодарда жаңа жылдық безендіруге жұмсалатын қаражат 20 миллион теңгеге қысқартылды. Былтыр безендіруге бөлінген ақша 60 миллион теңге болса, биыл 40 миллион болды", - деді экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Дәметкен Бипау.
ТКШ бөлімінің мәліметінше, қаражаттың басым бөлігі былтырғы иллюминацияны қалпына келтіруге кетеді. "Былтырғы иллюминацияны ауыстыру керек, 30 миллион теңге соған кетті. Ал 10 миллион теңге жарықтандыруға жұмсалады. Оған шырша, ойыншықтар, безедіру жатады", - деді Павлодар ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Вадим Ковальчук.