Павлодарда иттің кесірінен теледидар көре алмаған тұрғын полицейлерді шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Естай көшесіндегі үйдің бірінде көршінің итіне шағымданған тұрғын "102" нөміріне хабарласқан.
"Көршілер жұмысқа кеткен сайын олардың иттері үреді. Мен үйде кішкентай баламен отырамын. Иттің үргенінен күні бойы шаршаймын. Тіпті, бөлмемдегі қосулы тұрған теледидардың дыбысын естімеймін. Көршілерге қанша рет өтініш білдірдім, алайда мәселе шешілмей жатыр", - дейді жас ана.
Полицейлер иттің иелерімен профилактикалық әңгіме өткізді.
"Иттің үргенін қатты музыка сияқты өшіріп тастауға болмайды. Біз үйде болған кезде бәрі тыныш болады", - деді иттің иесі.
Заң бойынша, егер сағат 22:00-ден кейін полицейлерге иттің қатты үрейіне қатысты шағымданса, жануардың иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!