Павлодарда итті көлік қағып кеткен: ал ол екі күн бойы қозғала алмай, мұзда қатып қалған

Павлодарлық еріктілер мұздың үстінде қатып қалған итті құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол екі тәулік бойы еш қозғалыссыз мұздың үстінде жатқан.

"Сердца Павлодара" қоғамдық қорына желі қолданушыларының бірі Кенжекөлде екі күн бойы мұзда қатып қалған итке көмек қажет екенін жазған.

Итті біреу қағып, оны сол орында қалдырып кеткені белгілі болды.

Еріктілер бірден Кенжекөлге шығып, оны мұздан шығарды.

Мейірімді жандар итті жылы жерге апарып, су мен тамағын берді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!