Павлодарда есірткілердің ірі жасырын өндірісі жойылды

11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарын үйлестірудің көмегімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

 

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден "мефедрон", 2 тонна прекурсор, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 миллиард теңге болса, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!