- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда ер кісіні...
Павлодарда ер кісіні пойыз басып кетті
Фото:
polisia.kz
Павлодарда ер кісіні пойыз басып кетті, қазір науқас жансақтауда жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 28 қаңтарда сағат 10:54-те болған. Павлодардағы Успен көпірі ауданында теміржолда ер адамды пойыз басып кетіп, аяғынан айырылды.
"58 жастағы азамат облыстық клиникалық аурухананың жанындағы жақын жердегі стационарға жеткізілді. Оған политравма, аяқ ампутациясы, екінші дәрежелі аралас шок, оң қолдың екі саусағының ішінара ампутациясы диагнозы қойылды”, – деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Науқасқа шұғыл түрде ота жасалған. Қазір жағдайы ауыр, жансақтауда жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан