Павлодарда ер адамдар дәл жолдың бойында жаға жыртысты

Павлодарда ер адамдар жол бойында төбелесті. Жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды. Әлеуметтік желіде тараған видеода орта жастағы ер адамдардың бір-бірімен жаға жыртысып, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Оқиға дәл жолдың бойында болған. 

Облыстық полиция департаменті болған оқиғаға түсінік берді.

"Жанжалдасқандар анықталды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша іс жүргізу материалдары сотқа жіберілді", - деп жазылған полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға Естай көшесі – Назарбаев даңғылы қиылысында болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!