- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда ер адам...
Павлодарда ер адам үйдің кілтін жоғалтып алған әйелін аяусыз соққыға жыққан
Подъезд алдында күйеуінен соққы жеген әйел арыз жазудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін соққылап ұрып жатқан видео тарады. Видеодан ер адам мәкіде бүгіліп жатып, беті мен басын қолымен жауып жатқан әйеліне былапыт сөздер айтып жатқанын байқауға болады.
"Есің дұрыс па өзі, түсінбедім? Үйге кіре алмай тұрмын. Тез кілтті тап. Кілтті таппасың мұрныңды бет қыламын", - деп ер адам әйелдің басынан қатты ұрып жібереді.
Видеоға қатысты полицейлер пікір білдірді. Олар видеоны тексеріп, видеодағы ер адамға қатысты әкімшілік материалдарды дайындаған.
"Видеодағы адамдар кім екені анықталды. Жәбірленуші әйел арыз жазудан бас тартқанына қарамастан полиция отбасылық жанжалға байланысты жұбайына қатысты әкімшілік іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство өкілдері әйел ұрған ер адам ешқайда қашпағанын атап өтті. Жәбірленуші әйел жанжал неден шыққанын ұмытып қалғанын айтқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина