Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефон ұрлаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда 22 желтоқсанда сағат 10:30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефон және 305 мың теңгеден аса ақшалай қаражатты иемденген.
Залалдың жалпы сомасы - шамамен 12 миллион теңге.
Полиция бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!