Павлодарда ер адам дүкен кассасынан ақша ұрлаған

Павлодарда тұрғын дүкен кассасынан ақша ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар полициясы Н.Назарбаев даңғылындағы қалалық супермаркеттердің бірінде кассадан ақша ұрлады деген күдікке ілінген адамды ұстады.

"Ер адам дүкенге заңсыз кіріп, орталық кассадан 781 мың теңге сомасында ақша ұрлап кеткен. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады. Оның аймақ аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ұсталған адам Павлодар қаласы ПБ УҚИ-ге қамауға алынды", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Ертіс өңірінің полицейлері қала тұрғындарын қырағы болуға, нысандарды күзету, тауарлар мен материалдық құндылықтарды ұрлауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға шақырады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!