Павлодарда ер адам бұрынғы әйелі тұрып жатқан пәтердің есігін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Ал ер адам мұны қалжыңдап жасағанын айтқан. Оның үстінен бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды.
Сотта әйелі күйеуімен жанжалдасып қалып, ажырасып кеткенін айтқан. Кейін кешірім сұрау үшін ер адам сан мәрте қоңырау шалған. Бірақ оның телефон қоңырауына әйел жауап бермепті.
Телеарна мәліметінше, сол себепті ол пәтердің есігін өртеп, шошытпақ болған. Сотта ер адам жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.
"Павлодар қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты іс материалдарын зерделеп, азамат Б.-ны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді", - деді соттың баспасөз хатшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!