Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап өлді. Науқас ауруханада бір күн ғана жатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдай 28 мамыр күні сағат 23:50-де болған. Ер адам Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың төртінші қабатынан секіріп, қайтыс болған. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері шақырылған. Аталған факті бойынша құзыретті органдар тергеу жүргізіп жатыр.
"Науқас тыныс алу жолдарының ауруларымен ауруханаға 27 мамыр күні түсті. Дәрігерлердің айтуынша, ол тиісті ем алып, өзін байыпты ұстады. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ", - деп хабарлады басқарма.
Аурухананың әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізген, алайда медицина қызметкерлері тарапынан қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін фактілер анықталған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!