- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда ер адам...
Павлодарда ер адам алты жасар қызын телефонмен ұрып жіберген
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Павлодарда алты жасар қызын телефон ұрып тастаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 27 шілдеде болған. Kerek.pv мәліметінше, ер адам мас болған көрінеді. Видеода ер адам қызын қолымен, артынша телефонмен ұрып жібереді.
Бұл жайтқа қатысты полиция жауап берген. Іс Павлодардың полиция бөлімінде тіркелген.
Баланың заңды өкілі - анасы арыз жазудан бас тартқан. Ер адам мас болған.
Дегенмен қыздың әкесіне қатысты әкімшілік өндіріс ісі қозғалған. 2 тамызда іс материалдары сотқа жіберілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина