Павлодарда ер адам 1 айдан бері табылмай жатыр

Павлодарда ер адам 1 айдан бері табылмай жатыр
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодарда ер адам үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

VITA еріктілер ұйымының мәліметінше, 30 сәуірде 1971 жылы туған қала тұрғыны Владимир Госсен Лермонтов көшесі бойындағы үйден шығып, оралмаған.

"Ерекше белгілері: бойы 175 сантиметр шамасында, көзі көгілдір, шашы қоңыр, орта денелі. Сол қолында сапер деген татуировкасы бар. Киімі: қара күртеше, күңгірт-сұр шалбар, қара баскиім, қара кроссовка", - дейді олар.

Еріктілер хабар-ошарсыз кеткен Владимир Николаевич туралы мәліметі бар адамдардан мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: +7(747)615-55-63 – Катерина, +7(777)334-82-01 немесе 102.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова