- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда екі партия...
Павлодарда екі партия плакаттарын ілу кезінде дау шықты
Павлодарда екі партия плакаттарын ілу кезінде дау шықты. Бұл оқиғаға қатысты партия белсенділері пікір білдірді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Amanat партиясының өкілдері үміткердің үгіт-насихат плакаты басқа партия плакаттарынан жоғары болуы керек деген оймен бәсекелестердің плакаттарынан жоғары ілген.
Бұл жағдайға қатысты Amanat партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко пікір білдірді.
"Менің ойымша, сайлау кез келген партия үшін ең маңызды уақыт екенін бәрі түсінеді. Осы кезеңде эмоциялардың, бәсекелестіктің болуы қалыпты жағдай. Оның ішінде үгіт материалдары үшін орындар да маңызды. Мен бұл оқиғаны кездейсоқ түсінбеушілік деп санаймын. Барлық белсендімен, партия мүшесімен қосымша түсіндіру өткізілді", - деп жазды Facebook-те Илья Теренченко.
Ол, сондай-ақ, Amanat партиясы бір мандатты округтер бойынша және барлық деңгейдегі Мәжіліс пен мәслихаттарға партиялық тізімдер бойынша 214 кандидат ұсынғанын және Павлодар облысындағы барлық партияның белсендісіне, мүшесіне және жақтасына белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, адал және бәсекелі күресте ең мықтысы жеңіске жететінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек