- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда екі жасөспірім...
Павлодарда екі жасөспірім скутермен КамАЗ-ға соғылып мерт болды
Павлодарда 9-сыныптың екі оқушысы скутермен КамАЗ-ға соғылып мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Павлодар-Ақсу бағытындағы Нұрлы жол көпірінде болған. Скутерге мінгесіп алған екі жасөспірім жол шетінде тоқтап тұрған жүк көлікке соғылған.
Қатты соққыдан артқы орындықта отырған жасөпірім оқиға орнында көз жұмса, рөлді тізгіндеген бала ауруханада жан тапсырды. КамАЗ маркалы жүк көлігінің жол жөндейтін компанияға тиесілі екені белгілі болды.
"Павлодар-Ақсу тасжолында болған жол көлік оқиғасы салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі мен оның жолаушысы қайтыс болды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды”, - дейді Павлодар облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафин.
Е.Базарқұл
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz