- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда екі жасқа...
Павлодарда екі жасқа да толмаған сәби бесінші қабаттан құлады
Фото:
depositphotos.com
Павлодарда сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Баланың жасы – 1 жас 8 ай, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 2022 жылы туған ұл бала жеткізілді.
"Ол бесінші қабаттан құлаған. Бала тексеріліп, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы.
Бала травматология бөліміне жатқызылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан