- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда екі ер...
Павлодарда екі ер адам лифт есігін сындырып тастады
Павлодарда екі ер адам лифт есігін сындырып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Сормов көшесі, 5/1 үйінің тұрғындары әлеуметтік желіде лифтіні бейтаныс адамдар бұзып, сындырды деп шағым жазған.
"Бір апта бұрын лифтіні сындырды. Қызмет көрсететін ұйым оны жөндеуден бас тартты", - деп жазды хабарламаның авторы.
Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.
"Сормов көшесіндегі үй тұрғындарының өтініші бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта екі ер адам анықталды, оларды ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан