- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда екі әлеуметтік...
Павлодарда екі әлеуметтік нысан және алты тұрғын үй жылудан ажыратылды
Павлодар қаласында жылу желісінде апат болып екі әлеуметтік нысан және алты көп қабатты тұрғын үй жылусыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Коммуналдық апат Торайғыров көшесіндегі ішкі аулалық желіде болған.
"Қазіргі таңда оқиға орнында "Павлодар жылу желілері" ЖШС - нің 15 адамнан тұратын бригадасы және төрт арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Апат салдарынан Торайғыров көшесі 52 және 54 үй, академик Бектұров көшесі 7, 9, 11, 15 тұрғын үйлері сондай-ақ, екі әлеуметтік нысан жылудан ажыратылды" - дейді Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы Оразбек Саяхат.
Әкімдіктегілер кешкі сағат жетіге дейін ақау қалпына келтіріліп, тұрғын үйлерге жылу беріледі, деп сендіріп отыр.
Е.Базарқұл
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz