- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда дүкеннен тауық-гриль...
Павлодарда дүкеннен тауық-гриль мен салат алған алты адам уланды
Павлодарда дүкеннен тауық-гриль мен салат алған алты адам уланып қалды. Дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
"Маусымның басында алты ересек адам бір дүкеннен тауық-гриль, картоп, тұздық, салат, торттар сатып алып, уланып қалған. Тексеріс барысында сауда объектінде бірқатар бұзушылықтар анықталды: тауарды таңбаладағы сәйкессіздік, бактерицидтік шамның болмауы, сауда жабдықтарын уақтылы тазаламау және тағы басқалар", - деп хабарлады департамент.
Аталған сауда объектіге тиісті хаттама толтырылып, материалдар сотқа берілді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр.
Жалпы аймақта жыл басынан бері жіті ішек инфекцияларының 176 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 жағдайға өсіп отыр. Сальмонеллездің 66 жағдайы тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан