- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда бір жасар...
Павлодарда бір жасар қыз шелектегі суға батып кете жаздады
Фото:
pexels.com
Павлодарда бір жасар бала шелектегі суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бала ауруханада жатыр.
"2022 жылы туған қыз шелектегі суға батып кете жаздады. Ол 10 сәуірде аудандардың бірінен санитариялық авиациямен жеткізілді", - дейді облыстық балалар ауруханасының өкілдері.
Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтады. Бір жасар қыз соматикалық бөлімде жатыр.
Айта кетейік, өңірде 2022 жылы дәл осындай оқиға болған. 2022 жылы туған бала шелектегі суға батып, қайтыс болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина