- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда бір ай...
Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жігітті өзен жағасынан іздестіріп жатыр
Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жігітті өзен жағасынан іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, 1 қыркүйекте 26 жастағы күйзеліске түскен Александр Фоминов хабар-ошарсыз кеткен.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер, туыстары, достары жоғалып кеткен жігітті іздеу шараларын күн сайын жалғастыруда. Ол соңғы рет Усолка шағынауданында болған, кешке жұмыстан кейін дүкенге кірген.
"Өзеннен бастап су мұнарасына дейінгі жағалау пысықталды, сондай-ақ Усолка шағынауданы қайтадан тексерілді. Нәтиже жоқ", – деп жазды еріктілер.
Іздеу шараларына кинологтар мен атты полиция, дрон жұмылдырылды.
Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір маңызды ақпарат болса, еріктілердің келесі Whatsapp нөмірлері бойынша хабарлауға болады: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан